Дүние жүзіндегі бәсекелестіктің күшеюі жағдайында жоғары сапалы халықаралық білім оқушыларға университетке түсудің кең таңдауы мен зор мүмкіндігін, сондай-ақ өмір бойы табысқа жету үшін 21-ғасырдағы қажетті құнды дағдыларды береді.
SABIS® мектебінің оқыту тәсілінің арқасында SABIS® International School - Astana оқушылары бар ынтамен және жоғары тиімділікпен білім алады. Мектеп бітірген кезде SIS-Астана оқушылары білім мен дағдылардың берік іргетасын қалап, білімге деген мәңгілік құштарлыққа ие, университетте және одан тыс жерлерде табысқа жетуге дайын болады.
SIS-Астана өзінің алғашқы жұмыс жылында балабақша мен мектептің бірінші және бесінші сынып оқушыларына есігін айқара ашады. Мектеп толық он екі жылдық K-12 бағдарламасына шыққанға дейін жыл сайын кем дегенде тағы бір сынып қосылады.
SIS-Астана, біздің оқу бағдарламамыз, сыныптан тыс жұмыстар, инфрақұрылым, қабылдау талаптары, тіркеу рәсімдері және сізді қызықтыруы мүмкін мектептің басқа аспектілері туралы көбірек білу үшін біздің сайт материалдарымен танысыңыз.